» » » ШYNGYS & ReeGa & Maximum - "Алматы өртенуде"

ШYNGYS & ReeGa & Maximum - "Алматы өртенуде"

Текст песни:

Заман қатал болып кетті ме әлде адамдар ма екен?
Айнаға қараған кезде көрем жанымды өртенген.
Қатігез болып барамын өзгеріп күннен күнге
Өткен іс өтіп кетті, артыңа қарай берме.
Болашағым бұлыңғыр арманыма жетем бе?
Өз қалауыммен келемін сеніп тек жүрегіме.
Тағдыр мені жеңбекші, бірақ мен жеңілмеймін,
Қанша қиын болсада бәрібір берілмеймін.
Өмір деген ойында, мен жеңімпаз боламын,
Бүкіл сынаққа шыдаймын төгілмейді көз жасым.
Бірақ білмеймін тағдырдың ойын ертеңгі күнге,
Тереземнің ар жағында Алматы өртенуде...

Қайырмасы: х2
Білесің бе... Алматымен бірге,
Лапылдап менің жаным да өртенуде.
Уыстап ұстап армандарымның күлін,
Жағасында өмірдің қайығымды күтемін.

Туннельдің соңында әлсін жарық көрінседе,
Тереземнің ар жағында әлемім өртенуде.
Бізде жалынбыз, жанамызда сөнеміз,
Өмір деген күресте жеңіліп көнеміз.
Кешегі сәбилер баяғыда ержетті,
Қуанбайтын болдық көргенде көкжиекті.
Бәріде өзгерді әлем боянды сұр түске,
Бақытымызды аттандырдық барсакелмеске.
Ержүрек болып көрінгім келеді сырткөзге,
Жарықта күліп түнекте батып өкінішке.
«Махаббат құтқарады» депті әлдебіреу,
Олардың беттері әр-түрлі болмысы біреу.
Мені бағаласаң қарама көздеріме,
Суықтығым жара салады жүрегіңе.
Құшақта да мені қарашы тереземе,
Көрдің бе... Алматы өртенуде...

Қайырмасы: х2
Білесің бе... Алматымен бірге,
Лапылдап менің жаным да өртенуде.
Уыстап ұстап армандарымның күлін,
Жағасында өмірдің қайығымды күтемін.

Басым ауырып тұр, ішіп алдым цитромон,
Көңіл күйім түсіп кетті жанымды жаулады мұң.
Теледидардан беріп жатыр қызықсыз фильм,
Балконыма шығып оданда темекі шегейін.
Өкпеме толтырдым мен түтінге,
Алматыны өртесеңде жүрегімді өртеме.
Өтінем, сөздеріме ренжіме,
Сені қатты сүйемін, бірақ ғашықпын өзгеге.
Өмір қиын, иә, оны қиындатқан өзім,
Жүрегім жаралы, бірақта жыламайды көзім.
Бағаламайды ештеңені мендей есуас,
Армандар көп, бірақ бәрі оның орындалмас.
Түтінді бұрқыратып мына суық балконда,
Сенімен кездесіп қоштастым қарашада.
Түсінбеймін әлде, айтшы маған неге?
Тоқтамай лапылдап Алматы өртенуде...

Қайырмасы: х2
Білесің бе... Алматымен бірге,
Лапылдап менің жаным да өртенуде.
Уыстап ұстап армандарымның күлін,
Жағасында өмірдің қайығымды күтемін.
Ещё музыка
KZ тобы - "Тау ішінде" Слушали: 381 раз(а)
Зивара - "Кия алмаймын..." Слушали: 585 раз(а)
Заман тобы - "Қарақат көзім" Слушали: 671 раз(а)
Сәт тобы - "Қош махаббат" Слушали: 1 041 раз(а)
ВИА Assyl - "Дастархан" Слушали: 887 раз(а)
Диас Шеризатов - "Morning" Слушали: 220 раз(а)
HIRO a.k.a. HiRoSima - "Герой года" Слушали: 539 раз(а)
BaGi - "Неге" Слушали: 474 раз(а)
Ержігіт Жандаров - "Жыласаң" Слушали: 428 раз(а)
Алшы тобы - "Аялаганым" Слушали: 326 раз(а)
Казахстанские фильмы
Боевик - "Ближний бой" Смотрели: 535 раз(а)
Драма - "Зять из провинции" Смотрели: 476 раз(а)
Боевик - "Войско Мын Бала" Смотрели: 665 раз(а)
Комедия - "Трубадур" Смотрели: 348 раз(а)
Драма - "Туман" Смотрели: 578 раз(а)
Драма - "Искупи Вину" Смотрели: 403 раз(а)
Комедия - "Мал" Смотрели: 499 раз(а)
Ваше мнение

Имя:

Текст:

Впишите название столицы Казахстана: