» » » Мейрамбек Беспаев - "Дүние қызыл жасылды"

Мейрамбек Беспаев - "Дүние қызыл жасылды"

Текст песни:

Дүние қызыл-жасылды,
Сан ұрпақ саған бас ұрды.
Толқын да толқын қазақтың,
Топырақ жүзiн жасырды.

Өткiзiп қилы ғасырды,
Ырысым жатқа шашылды.
Тау менен тасқа соқтым мен,
Халқым деп ғазиз басымды.

Ноғайлы болып аңырадым,
Отырар болып қаңырадым.
Ақтабан болып шұбырып,
Далада қалды саңлағым.

Семей де болып сенделдiм,
Ертiс те болып емделдiм.
Қасiретiңмен қайысып,
Қызығыңды кем көрдiм.

Нарын да болып ұлыдым,
Арал да болып құрыдым.
Желтоқсан болып борадым,
Лақтырып тағдыр құрығын.

Төрiме деп жұмақтың,
Дүние сенi ұнаттым.
Асан қайғыны зарлатып,
Иассауиды жылаттың.

Кесiле жаздап тiлiмде
Үзiле жаздап дiлiмде.
Қиямет қайым жолдар мен,
Тұралап жеттiм бүгiнге.

Тағдырдың шәлкес сұрағы,
Көңiлде күй боп тұр әлi.
Бөлiнiп қалған даламнан,
Бейiттер үнсiз жылады.

Дүние-ай,
сенi нетермiн,
Мен-дағы бiр күн өтермiн.
Керуен де керуен ұзаған,
Бабаларыма жетермiн.

Дүние-ай,
сенi нетермiн,
Көз жұмар мәңгi жетер күн.
Сайын да сайын даламды,
Кiмдерге тастап кетермiн.

Жүрегiн жаудың қақ тiлген,
Алшайтып тұрып ат мiнген.
Қазақ деп мұңға баттым мен,
Қазақ деп жылап жаттым мен.

Көзiмде мұңның табы бар,
Ернiмде шөлдiң зары бар.
Жетiм ботадай боздадым.
Сөз ұғар бiреу табылар.

Алдыма түстi-ау жабылар,
Жабылардан да жалығар.
“Қазақтың зарын айтты-ау„ деп,
Менi де жоқтар,
сағынар.
Ещё музыка
Апош Сарбаз - "Бакыт тойы" Слушали: 475 раз(а)
Керуен тобы - "Қарагөз" Слушали: 336 раз(а)
Марат Ильясов - "СҰЛУЫМ" Слушали: 1 120 раз(а)
Арай тобы - "Мен сүйіп қалдым" Слушали: 2 242 раз(а)
Серик Мусалимов - "Эдем" Слушали: 427 раз(а)
Smitty - "Биле, биле, биле" Слушали: 607 раз(а)
Гадiлбек Жанай - "Бар" Слушали: 438 раз(а)
Абдижаппар Маликов - "Ак тілек" Слушали: 2 838 раз(а)
Луина - "Неге жаным?" Слушали: 920 раз(а)
Денар тобы - "Әппақ қыз" Слушали: 346 раз(а)
Казахстанские фильмы
Драма - "Кардиограмма" Смотрели: 647 раз(а)
Драма - "Вокальные параллели" Смотрели: 438 раз(а)
Мелодрама - "Приключение" Смотрели: 485 раз(а)
Драма - "Песнь о Маншук" Смотрели: 495 раз(а)
Боевик - "Ликвидатор" Смотрели: 544 раз(а)
Комедия - "Мент" Смотрели: 444 раз(а)
Драма - "Солёная река детства" Смотрели: 601 раз(а)
Драма - "Друг / Дос" Смотрели: 604 раз(а)
Драма - "Монгол" Смотрели: 693 раз(а)